Алматыда өртеніп жатқан екі қабатты үйден 12 адам құтқарылды
Алматыда өрт сөндірушілер жанып жатқан екі қабатты үйден 12 адамды құтқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан скриншот
Төтенше жаңдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматыдағы өрт екі қабатты ғимараттың екінші қабаты мен шатырын қамтыған.
Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан ғимараттан 12 адам, оның ішінде 5 баланы алып шықты. Сондай-ақ үйден газ баллоны да шығарылған.
“Қабылданған жедел шаралармен 100 шаршы метр алаңдағы өрт 20 минутта сөндіріліп, ғимараттың барлық алаңына таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды