Алматыда оқушылар жаппай маска кие бастаған: Қалалық денсаулық сақтау басқармасы себебін түсіндірді
Алматыдағы мектептерде оқушылар жаппай маска кие бастаған. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазуда. Олардың айтуынша, тіпті дәріханаларда маска бітіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мектептерде оқушылардың маска киюіне коронавирустың еш қатысы жоқ. Өйткені осы уақытта ЖРВИ, тұмау басталады. Сол себептен де оқушылар маска киюге міндеттелді. Қазір тұмаудан ауыратындар көп. Неге екені белгісіз осы жылы ЖРВИ бойынша ауырғандар көп. Балалар бір жылда екі рет ауырып жатыр. Ал коронавируске байланысты көп адамдар жалған ақпараттар таратып жатыр», – дейді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде әлдебір ер азамат өзін елордалық дәрігермін деп таныстырып, коронавирустың Алматыда 70-ге жуық адамға жұққанын айтқан болатын. Артынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл видеоның жалған екенін және көпшілікті мұндай ақпараттарға сенбеуге шақырды.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді