Алматыда мектептердің бірінде директор зорлаған мұғалім өзіне қол жұмсады
Алматыда аз қамтылған отбасы балаларына арналған №10 мектеп-интернатының мұғалімі директордың өзін зорлағанын айтты. Оқиғадан кейін әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "NewTimes.kz" порталына сілтеме жасап.

Мұғалім білім мекемесінің директоры өзіне бірнеше рет қорлық көрсетіп, 2022 жылдың күзінде зорлағанын айтады. Алайда бұл ақпаратты жария еткен соң директор жұмыстан кету туралы арыз жазып, тағылған айыпты жоққа шығарған.
Кейін зардап шеккен мұғалім хат жазып қалдырып, өзіне қол жұмсаған. Дәрігерлер оны дер кезінде құтқарып аман алып қалды.
Қазір Алматы қалалық түзеу мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды. Бұл арада полицейлер ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тағы бір іс қозғады.
Қылмыстық істерді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі тергеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"