Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектеп оқушылары мен студенттер үшін шектеу шаралары жаңартылды

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп оқушылары мен студенттердің білім алуына  байланысты жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

оқушылар

Бекшиннің қаулысына сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимiн, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек.

Мұнымен қоса, І курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.


 

Талқылау