Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газ баллон жарылып кеткен: Алматыда құрылыс алаңында өрт шықты

Бүгін Алматыдағы аяғына дейін салынып бітпеген құрылыс алаңдарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесінің бойында салынып жатқан ғимарат өртке оранды. 

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сағат 13.55-те Медеу ауданында орын алған. Куәгерлердің мәліметі бойынша, төтенше жағдайлар бөлімінің күштері мен құралдары шақырту орнына жөнелді. 

Өрт сөндірушілер  келген кезде газ баллон жарылып, салынып жатқан мектептің ғимаратының төбесі жанып жатқаны белгілі болған. Енді ғимарат бірінші қыркүйекте қолданысқа берілмейді.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 14:14-те өшірілген. Көрші ғимаратқа таралу қаупі жойылды. Өртті сөндіруге 17 адам, 4 техника жұмылдырылды. Айта кету керек, өрт түтін мен өрттің пайда болуын қалада автоматты түрде бақылауға арналған Алматы қаласының ТЖ жылу бақылау камерасы анықтады", - деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Талқылау