Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде адамдарды арматура басып қалды (видео)
Алматыда құрылыс алаңында жұмысшыларды арматура басып қалды. Төтенше жағдай Estet тұрғын үй кешенінде болған. Кей мәліметке сәйкес құрылыс жұмыстарын BAZIS-A компаниясы жүргізіп жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасын бұзу фактісі тергеліп жатқанын айтты.
"Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқандар жоқ", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен