Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күн жылынып, көктем ерте түспек – "Қазгидромет"

"Қазгидромет" биыл Алматыда ауа райы ерте бастан жылынып, көктемнің ерте келетінін болжады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Синоптиктердің мәліметінше наурызда ауа температурасы жоғары болады деп күтілуде.

"Наурыз айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +2-7°С-қа дейін, күндіз +10-15°С-қа дейін нөлден жоғары жылынады деп күтілуде. Ауа райы әдеттегі климаттық нормадан 1°C-қа жоғары болады", - делінген метеорталықтың хабарламасында.

"Қазгидромет" мамандары 1976 жылдан бастап Алматыда ауаның орташа жылдық температурасы 10 жылда 0,5°С-қа, ал ақпан мен наурыздағы орташа температура онжылдықта 1,3°С-қа көтерілгенін атап өтті. Ауа температурасы -20°С-тан төмен кездер болса да қатты аяздар азайып келеді. Бірақ +30-35°С-та ыстық күндер саны артуда.

"Мұндай жағдайда қар еруінің жоғары қарқыны күтіледі. Сонымен қатар, Алматыда жылу толқындарының жиілігі артады", - деді "Қазгидромет" РМК гидрология департаментінің директоры Адель Ахметов.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 03 Ақпан, 2023 14:06
Талқылау