Алматыда көшеде тұрған банкоматты тонап кетті
Алматыда Көктем-1 шағын ауданында банкоматты бұзып, ақшасын ұрлап кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Департаментте банкоматтың Есентай өзенінің жағалауына орнатылғандығы нақтыланды.
"Ұрлық фактісі ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұл қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Залал сомасы есептеліп жатыр.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"