Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен шығып, билеген қыз құлап көз жұмды
Әлеуметтік желіде қыздың көпқабатты үйдің терезесінен шығып, билеп тұрған видеосы тарады. Полиция оның жоғарғы қабаттан құлап мерт болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр
Қайғылы жағдай 26 маусым күні таңы уақытта Теремки тұрғын үй кешенінде болған. Жас қыз шамамен 6 қабаттағы терезенің ернеуіне тұрып билеген. Оны көрген адамдар оған “құлап қаласың” деп ескерту жасаған. Куәгерлердің айтуынша, біраздан кейін ол төменге құлап кеткен.
Алматы полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірді.
“Өз-өзіне құл жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы