Алматыда көлік терезелерін сындырып, ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды
Алматыда полиция автокөлік әйнегін сындырып, ел мүлігін ұрлап жүрген жас жігітті ұстады. Қаскүнемнің заңсыз әрекеттері тұрғын үйлердің кіреберістерінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме Stan.kz ақпарат агенттігі.

видеодан скриншот
"Бұл фактілер әлеуметтік желілерден белгілі болды. Ол кезде полицияға ресми өтініш түскен жоқ. Соған қарамастан бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында тағы алты жәбірленуші анықталды, олардың көлік құралдары да осындай жүйе бойынша тоналды. Күдікті1996 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде ол тек екі ұрлық жасағанын мойындады. Оның айғақтарының қаншалықты шынайы екендігін тергеу одан әрі көрсетеді", – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.
Айтуынша, күдіктіні негізінен көлікте орнатылған бейнетіркегіштер қызықтырған.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген