Алматыда қоқыс шығаруға кеткен зейнеткер із-түссіз жоғалып кетті
Алматы қаласында қоқыс төгуге шыққан зейнеткер із-түссіз жоғалып кетті. Туған-туыстары оны 17 маусымнан бері таппай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

63 жастағы Хумархан Сейітмұрат кешкі сағат 17:00-де үйінен қоқыс шығаруға кеткен. Бірақ қайтып оралмаған. Ұлының айтуынша, осыдан 8 жыл бұрын әкесі басынан қатты жарақат алған. Содан бері ара-тұра есін жоғалтып алады. Үстінде қара түсті спорт киімі болған.
"Ішінен қан кетіп, көкбауырын алып тастаған": Алматыда босанған келіншек отадан кейін көз жұмды
"Бүгін 11 күн болды. 102-ге хабарластық, олар да іздеп жатыр. Полиция да, еріктілер де жұмылдырылды. Өзіміз де іздеп жатырмыз, бірақ нәтиже жоқ. Көмек сұрауға келдік. Әкемді көрген кісі болса, хабарласуын сұраймыз", – дейді Еркебұлан Сейітмұрат.
Телефон нөмірі: 8 777 100 94 99
Талқылау
                            
                        
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді
            
                    
                
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен