Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттады
Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы 3 тамыздан бастап қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock
3 тамыздан бастап Алматыда автобусқа, троллейбусқа және метроға билет құны 120 теңгені құрады. Енді автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды. Жол ақысын көлік картасы, SMS немесе қосымша арқылы төлеуге болады.
Тарифтің өсуі автомобиль бөлшектерінің қымбаттауына байланысты.
Ал арнайы картада енді бір айлық жол жүру құны 9900 теңге болады. Студенттік жол жүру бағасы — 4200 теңге, мектеп — 2000 теңге, зейнеткерлерге -3000 теңге.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда