Алматыда қайыр сұрап, тұрғындарға тас лақтырған жасөспірім қыздар елден шығарылды

Алматыда қайыр сұрап, тұрғындарға тас лақтырған дөрекілік танытқан жасөспірім қыздар елден шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының полиция департаменті олардың мәжбүрлі түрде шығарылғанын мәлімдеді.
"Сот қаулысымен оларға ел аумағына қайта кіруге тыйым салына отырып, мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданды", – деді ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ аумағында бір топ жасөспірім қыздардың агрессивті әрекеті қоғамда алаңдаушылық туғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда олардың тұрғындарға тиісіп, заттарын тартып алып, тас лақтырып, күш қолданғаны көрінеді. Кейбір тұрғындардың жеке заттарын тартып алғаны да айтылған.
Кейін полиция тұрғындардың мазасын алған қыздардың Тәжікстан азаматшалары екенін анықтады.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге