Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды
Алматыда полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында орналасқан "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонаған үш қатысушыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұсталғандардан ұрланған қарулар – бес тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
"Екі күдікті Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғыны. Соңғысы, бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты. Олар 22-24 жаста. Арнайы операция кезінде екі күдікті Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында ұсталды. Тағы бір азамат Алматы қаласы Достық даңғылындағы сауда үйінің жанында ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұсталғандардың жеке басын басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде іс жүргізу кезінде орын алған әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексереміз", - деді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады