Алматыда қарантин қатаңдатыла ма?
Алматыда карантиндік шараларды күшейту туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалықова ауруханадағы төсек орын сыйымдылығы азайған кезде ғана шектеу шаралары қатаңдатылатынын айтты.
"Карантин шаралары жұқпалы ауруханаларда адам саны артып, орын жеткіліксіз болған кезде қатаңдатылмақ. Егер жағдай бақылаудан шығып кететін болса, мұндай шара қабылдауға мәжбүр боламыз", - дейді Әсел Қалықова.
Бұған дейін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 9 сәуірдегі қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтқан болатын.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр