Синоптиктер алдағы күндері Алматыға қар жауатынын айтты
Синоптиктер 4-6 ақпан күндері Алматының ауа райы болжамын ұсынды. Қалада аздап бұлтты болады, тұман, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша Алматыда 4 ақпан күні көшпелі бұлтты, аздаған қар, түнде тұманды болады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз 0...+2°C.
5 ақпада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C.
6 ақпанда көшпелі бұлтты, күн жаңбырлы болады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықта жел соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +3...+5°C-қа жетеді.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады