Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бірнеше көшенің атауы ауысады

Алматыда Гагарин даңғылының Тимирязев көшесінен әл-Фарабиге дейінгі бөлігінің атауы өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Скриншот

Алматы қалалық мәслихатының жабық отырысы кезінде Алматыдағы кейбір көшелердің атын өзгерту мәселесі көтерілді.

Мәслихат депутаты Еркін Рақышевтың айтуынша, қала көшелерінің атын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған. Алайда нақты қай көшелердің атауы өзгертілгені айтылмады. Депутат бұл әзірге түпкілікті шешім емес, тек талқыланып жатқанын айтты. Оның айтуынша, Гагарин даңғылының бір бөлігінің атауы өзгеруі мүмкін.

Еркін Рақышевтың сөзін мәслихат депутаты Руслан Ыдырысов та растады.

"Гагарин даңғылының бір бөлігі өзгереді. Қалған көшелер есімде жоқ. Енді бұл мәселені Республикалық ономастика комиссиясы қарап, қайтадан мәслихатқа қайтарады", – деді Ыдырысов.

Кейін "Ашық үкімет" порталында қала көшелеріне атауларды өзгерту және атаулар беру туралы әкім мен Алматы қаласы мәслихаты төрағасының бірлескен қаулысының жобасы пайда болды. Онда былай делінген:

  • Гагарин даңғылының Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігін Ермек Серкебаев даңғылы деп қайта атау ұсынылады;
  • Әуезов ауданы Юбилейная көшесі Владимир Толоконников көшесіне өзгереді;
  • Түрксіб ауданы "Жас қанат" шағынауданындағы атаусыз көшеге Ескендір Хасанғалиевтің есімін беру ұсынылады;.
  • Бостандық ауданындағы атаусыз көшеге Юрий Померанцев есімі беріледі.
Талқылау