Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, сосын өзіне қол салған
Алматы қаласы Наурызбай ауданында ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін, сосын өзін атып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 31 қаңтарда түнде болған. Алдын ала болжам бойынша, 48 жастағы ер адамның мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болған.
“Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды