Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (видео)

"Бестфуд" компаниясының құрушысы Рамазан Баталов Бас прокуратураға жүгінді. Айтуынша, Алматы облысы Экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы тергеушісі Талғат Айтжановтың туыстары әйгілі франшизаның кофеханасын рейдерлік жолмен тартып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Баталовтың сөзінше, экс-тергеушінің әйелі, анасы және ағасы қарыздарың бар деген сылтаумен кофехана құлпын бұзып, мекемеге кіріп, қызметкерлерді қуып, кәсіпті күштеп тартып алған. 

"Полицияға шағымдандым. Тергеудің жүріп жатқанына 6 ай болды. Қазір бизнеске келтірілген шығынды анықтау үшін сот-экономикалық сараптама тағайындалды. Алайда Бостандық ауданының прокуратурасы істі тергеуге кедергі жасап, оны тоқтатуға тырысып жатыр", – дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ Рамазан Баталов қазір отыз адамның жұмыссыз қалғанын жеткізді.

"Біз адал кәсіпкерміз. Заң аясында жұмыс істеп, барлық салықты төлеп, бизнесті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қазір үлкен шығынға ұшырадық. 30-ға жуық адам жұмыссыз қалды. Ал бұл заңсыздыққа кінәлілердің құқық қорғау органдарында танысы бар және жазаланбайтынына сенімді. Құрметті Берік Ноғайұлы, сізден заңның үстемдігі мен құқықтарының қорғалуының кепілі ретінде осы мәселеге назар аударуыңызды сұраймын! Бұрынғы шенеуніктер қашанға дейін жазасыз жүреді. Көмектеріңізге үміт артамыз!", – деді Баталов. 

Stan.kz ақпарат агенттігі аталған мәселеге қатысты Қазақстанның Бас прокуратурасына сауал жолдады. Ведомство әзірге жауап берген жоқ.

@amor_90_fati

Как у Батталова бизнес отжали. До каких пор экс-чиновники будут безнаказанно нарушать права граждан? С этим вопросом Рамазан Батталов, руководитель кафетерия известного бренда в Алматы, обратился в Генпрокуратуру РК. В ноябре прошлого года Талгат Айтжанов, бывший следователь ДЭР Алматинской области, вместе со своими родственниками незаконно захватил имущество компании и до сих пор, используя свои связи в правоохранительных и надзорных органах, остается безнаказанным. В поисках справедливости бизнесмен просит помощи у Генерального Прокурора РК.

♬ оригинальный звук - 👩🏻‍⚖️jurisprudence⚖️
Талқылау