Алматыда бір жарым жастағы қыз дәретхана шұңқырына құлап кетті. Оны құтқармақ болған ағасы мен әжесі қаза тапты
Алматыда екі бала мен олардың әжесі дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 30 маусым күні Алматыдағы Наурызбай ауданы Абай ауылында болған.
Құтқарушылардың мәліметінше, шұңқырға бірінші 2020 жылы туған қыз құлап кеткендігі белгілі болды. 2009 жылы туған үлкен ағасы, көмектесуге әрекеттеніп, қарындасын өз бетінше тартып алуға тырысқан. Артынша балалардың әжесі мен әкесі оларды құтқармақ болған. Өкінішке қарай, тек әкесі аман қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.
"Республикалық жедел-құтқару жасағы, тұрғындарды балаларды қараусыз қалдырмауға және өте мұқият болуға шақырады", – деді құтқарушылар.
Талқылау

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
Сарапшы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қазіргі субсидиялау жүйесі тиімсіз

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі