Алматыда екі адамның өмірін жалмаған жол апаты орын алды
Алматыда сұмдық жол апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасына сілтеме жасап.

Жол апаты Райымбек және Розыбақиев көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің сөзінше, LADA Granta көлігінің жүргізушісі темір тұлпардың тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жол шетіндегі ағашты сындырып өтіп, бетон қоршауға барып соғылған.
Тас-талқаны шыққан көлікте болған жүргізуші мен жолаушы сол мезетте жан тапсырыпты.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған