Алматыда егде тартқан ер адам қарттар үйінің терезесінен құлап кеткен
Алматыда “Забота” қарттар үйінің пациенті түсініксіз себептермен терезеден секіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына оны ұйықтатып, тек біраз уақыттан кейін ғана сынықтары бар екенін байқаған.
“Забота" мекемесінде қарттар үйінің қызметкерлері егде жастағы ер адамды жерден көтеріп, бөлмесіне апарған.
Зейнеткердің денесінде гематомалар байқалады әрі үш сынық табылғаны айтылды.
Алматы полиция департаменті оқиға бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.
"Істің мән-жайларын зерттеуге арналған өндіріс материалдары Алматы қаласының медициналық қызметтер сапасын бақылау департаментіне берілді", – делінген ПД баспасөз қызметінің жауабында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"