Алматыда дәрігерлердің құрметіне салынған сурет пайда болды
Жас алматылық суретшілер дәрігерлерге арнап коронавируспен күресті бейнелейтін суретті салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет Құрманғазы мен Шәріпов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйдің қабырғасында пайда болды.
"Күн сайын медицина қызметкерлері COVID-19-ға қарсы күрес жолында өз денсаулықтарына қауіп-қатер төндіреді. Ауру азайып, өмір өзінің әдеттегі қалпына түскенде, біз осы суреттің жанынан өтіп бара жатып, ақ халаттыларды ризашылықпен еске аламыз. Дәрігерлерге бас иеміз! #AlmatyBirgemiz", - деп жазды Instagram-да Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған