Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәретхана шұңқырынан табылған тастанды сәбиді баласы жоқ отбасы асырап алды

Былтыр Алматы қаласындағы көше әжетханаларының бірінде табылған нәрестені отасқандарына көп жыл болған, алайда баласы жоқ отбасы асырап алды. Бұл жөнінде Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ведомство мәліметінше, жаңа отбасы сәбиді базадан көріп, бірден асырап алу туралы шешім қабылдаған.

"Әйел балалар үйіне келгенде сәбиді көріп, көзіне жас алды. Оны бірден алып кеткісі келеді. Баланың жаңа отбасы толық, олардың отау құрғандарына көп болғанмен, балалары жоқ. Ерлі-зайыпты басқа қаладан келіп, арыз жазып, баланы 2023 жылдың мамыр айында асырап алды. Енді сәбиде толық және бақытты отбасы бар. Олар суреттерін жіберіп, қуаныштарымен бөлісіп отырады", – деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, жаңа туған нәресте былтыр 25 тамызда Алматыдағы дәретханалардың бірінен табылған.  Сәбиді Түркісіб аудандық полиция қызметкерлері құтқарып қалған еді. Кейін оның биологиялық анасы 17 жастағы 11-сынып оқушысы екені белгілі болды.

Талқылау