Алматыда бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
Алматыда бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, №50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт пышақпен шабуыл жасаған.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 21 сәуір кешкі сағат 19:30 шамасында 102 пультіне Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен "Жигули" көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындағаны туралы хабар түскен.
Олардың жолға таласқаны белгілі болды.
"Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша тіркелді. Жеңіл көлік жүргізушісінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"
Антибиотик беру, қымтап терлету: Инфекционист ЖРВИ кезінде жиі жіберілетін қауіпті қателіктерді атады
Балаларының қызуы түспеген ата-аналар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдіруде