Алматыда бір топ адам ТЖО қызметкерлерін ұрып кеткен (видео)
Алматыдағы техникалық жөндеу орталықтарының бірінде бірнеше адам қызметкерлері соққыға жыққан. Қазір полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде қаладағы ТЖО-лардың бірінде түсірілген видео жарияланды. Автордың сөзінше, орталыққа келген азамат пен қызметкер арасында жанжал болған. Кейін ер адам өзімен бірге он шақты адам ертіп кетіп, жұмысшы мен оның серіктесін соққыға жыққан. ТЖО қызметкерлері бас және қабырға жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Полицияда аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазір істі Жетісу ауданы полиция басқармасы тексеріп жатыр.
"Кінәлілерді ұстау және жазаға тарту бойынша шұғыл және арнайы шаралар іске асырылып жатыр", – деді Жетісу ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған