Алматыда белгілі боксшы іс-түссіз жоғалып кетті
Алматыда қазақстандық спортшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: MoyaKaraganda
"Қоғам" жедел әрекет ету жасағының өкілдері Instagram желісінде танымал спортшы Серік Нұрқазовтың Алматыда жоғалып кеткені туралы ақпарат жариялады.
Айтуларынша, ер адам 14 желтоқсан күні үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Үстінде сұр қалпақ, капюшоны бар көк күрте, ақ водолазка, қара джинсы шалбар, шашы ақ және сақалды.
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтының мәліметінше, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген, ол:
- Бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері;
- 1983 жылы Римде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
- 1983 жылғы Варнадағы Еуропа чемпионы;
- КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі іс қозғағанын хабарлады.
"Жоғалған адамның мекен-жайын анықтауға және оны отбасына қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде", - делінген хабарламада.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"