Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жекеменешік мектептегі бала зорлығы: Оқушының анасы көзіне жас алып, қылмыскерді табуды өтінді

Алматыда халықаралық мектепте жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін баланың анасы тергеу барысына наразылығын білдірді. Әйел апелляциялық шағым түсіріп, тергеу барысына, сарапшының қорытындысына және бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бейнеден алынды

"Оқиға болғанына бір айдан астам уақыт өтсе де, қылмыскер табылмады. Себебі неде? Тергеу жұмысы нашар жүр ме, әлде халықаралық мектеп еліміздің заңдарына бағынбай ма? Неліктен директорды тым болмағанда тергеу кезінде қызметінен шеттеткен жоқ? Неліктен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева моральдық-құқықтық көмек көрсетудің орнына үшінші рет жауап алуды талап етіп отыр?" – деді баланың анасы.

Ол баласының жағдайы қазір психологтардың жұмысын қажет ететінін атап өтті. Әйел ішкі істер министрі Ержан Саденов пен бас прокурор Берік Асыловқа жүгініп, ресми сауалдарына жауап алмағанын атап өтті.

Баланың анасы үндеуінің соңында көзіне жас алып, учаскелік полицейлердің жұмысы нашар жүріп жатқанын және қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен таныс екенін айтты.

"Баламның денесіндегі жара мен қан, анустың өткір жарығы қайда? Бұл жыртықтар мен жаралар құрт пен іш қатудан болатын зақым ретінде түсіндірілді. Баламның шалбарын құрт жыртқан екен. Кінәліні жалғыз мен іздеуім керек пе? Мен қарапайым қазақ әйелімін, ешқандай танысым жоқ. Мен әділ тергеуді қажет етемін. Баламды зорлаған адамды жалғыз өзім іздеуім керек пе? Неге мектеп пен полиция қылмыскердің бос жүргеніне мүлдем мән бермейді? Әділ тергеу үшін несие алып, халықаралық сарапшыларды жалдауым керек пе? – деді әйел көзіне жас алып.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы беделді мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланғанын және Оқиға туралы ұлы анасына айтпағаны, психологиялық жағдайы қатты нашарлап кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау