Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бай кәсіпкер ірі жол апатына себепші болған

Алматыда ірі жол апатына себепші болған Land Rover көлігінің жүргізушісі құрылыс заттарының саудасымен айналысатын кәсіпкер болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап. 

Еске саларлық жайт, мас жүргізуші Алматыдағы орталық мешіттің жанында үш көлікті соғып өтіп, жаяу жүргіншілердің жолына шығып кетіп, бес адамды қаққан еді.  

Жол апатына себепші болған 44 жастағы ер азамат Қытайдан Қазақстанға құрылыс техникасының тасымалдауымен айналысаты белгілі кәсіпкер екендігі анықталды. Оның үстіне кәсіпкер оқиға болған уақытта ішімдікке сылқия тойып алған көрінеді. 

Ал оның Land Rover маркалы көлігі автодүкенде су жаңа күйінде 50-70 миллион теңге тұрады екен.

Қазіргі таңда жүргізушіден қолхат алынып, бостандыққа жіберіліпті. 

"Тергеу сотының үкімі бойынша Қожамқұловтан сыртқа шығуға болмайтын туралы қолхат жазылып алынды", - делінген қалалық соттың баспасөз-хабарламасында. 

Бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен мас жүргізуші ауруханада түскені айтылған еді. 

 

Талқылау