Алматыда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен мас жүргізуші ауруханада жатыр
Жол көлік апатын ұйымдастырып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен көлік иесі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жүргізуші 1975 жылғы азамат. Ауруханада оны полиция қызметкерлері күзетуде. Емделіп шыққан соң ғана жаза туралы шешім қабылданады.
Жол көлік апаты бойынша "Көлік басқаратын азаматтардың ол ережесі мен транспорт экплуатациясы ережесін бұзу, адамдардың денсаулығына зақым келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 13-і Range Rover көлігінің мас жүргізушісі жол апатын ұйымдастырып, тротуарға шығып кеткен. Кейін бірнеше жаяу жүргіншілерді қаққан. Жарақат алған әйел адамдардың бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген