Алматыда балаларды тасымалдаумен айналысатын көлік бір жасар сәбиді басып кетті
2020 жылы туған баланы Toyota Hiace көлігі басып кетті. Бала ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы Теректі шағын ауданында болған.
Toyota Hiace көлігінің жүргізушісі балаларды балабақшаға апарып, алып келумен айналысады. Оның айтуынша, жұмыс кезінде ол бірнеше баланы көліктен түсірген.
Бұл уақытта 2020 жылғы бала көліктен шығып, оның қарама-қарсы жағына қарай өтіп кеткен. Қалай екені белгісіз машинаның доңғалағының астында қалып қалыпты.
Жүргізуші баланы байқамастан көлігін жүргізіп, оны басып кеткен. Бала ауыр жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жатқызылған. Бірақ кейіннен көз жұмды.
Оқиға орнында болған оқиғаның барлық мән-жайын егжей-тегжейлі анықтау үшін криминалистер мен жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған