Алматыда балалар ойнайтын алаңда ер адамды бауыздап кетті
Әлеуметтік желіде әуежай маңындағы балалар ойнайтын алаңда ер адамды бауыздап кеткені туралы ақпарат тарады. Азамат оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қылмысқа қатысы бар күдікті ізін суытпай анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы қалалық полиция басқармасы жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен жәбірленуші бірге ішімдік ішкен. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр”, –делінген хабарламада.
Бұған дейін теміртаулық әйел ашыққан, тамақ сұраған екі қызын тұншықтырып өлтіргені туралы жазған едік.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген