Алматыда әйел айналмалы дөңгелектен құлап мерт болды (видео)
Желіде Алматыда айналмалы дөңгелек астында жатқан әйелді көрсететін видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Горький саябағы деген атпен белгілі орталық демалыс саябағында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 16:00-де болған. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.
"Әйел жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Өлімнің нақты қалай болғаны және марқұмның жасы туралы мәліметтер әзірге белгісіз.
Алматы қаласының полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты