Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)

Алматыда Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады.
Апат орнынан түсірілген кадарларға қарағанда, №95 бағыттағы автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысқан.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, көліктің тежегіші істен шыққан. Алайда көліктері зақымданған басқа жүргізуішлер бұл пікірмен келіспейді.
“Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан бес автокөлікпен соқтығысқан”, – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Жол апаты салдарынан бір адам жарақат алған.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"