Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда арықтан табылған сәбидің жағдайы белгілі болды

Алматылық дәрігерлер арықтан табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

62 жастағы әйел сау баланы өмірге әкелді

Жаңа туған баланың салмағы үш келі, бойы - 52 сантиметр. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасында мәлімдеді.

"Нәрестеге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Қабылдау кезінде баланың жағдайы гипотермияға байланысты ауыр болған (дене температурасы 34,5). Қазір жағдайы орташа, дене температурасы қалыпты. Нәресте белсенді түрде өздігінен еме алады", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, баланы екінші балалар ауруханасына ауыстыруға дайындалып жатқаны белгілі. Ол жерде толық тексерілгеннен кейін балалар үйіне жіберіледі.

Еске салайық, алматылық нәресте өткен түнде арықтан табылды. Жаңа туған нәрестені Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықта дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. 

Талқылау