Алматыда анасын аяусыз ұрып-соққан ер адам түрмеден құтылып кетті
Алматыда анасын аяусыз ұрған 50 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алатау аудандық сотының үкіміне сәйкес, Смирнов Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша кінәлі деп танылды. Ол 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оған қоса, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады.
"Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының өз кінәсін шын ниетпен мойындағанын ескерді. Сосын анасы бас бостандығынан айырмауды сұрады", – дейді сот мамандары.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Алматыда өз анасын таяқпен тоқпақтаған ер адам ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"