Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бөгде баланың суретін пайдаланып 32 миллион теңге жинап алған

Алматыда желіде балалардың суретін жариялап, алаяқтық жолмен қомақты қаржы жинаған азамат ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Полиция мәліметінше, халықтан алаяқтық жолмен 32 миллион теңгеден астам қаржы жинаған Шымкент қаласының тұрғыны. Ол Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан. 



"Алаяқ желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті, яғни Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алаяқтар азаматтарға салық бойынша қарыздарын төлеуді талап ететін хабарламалар жіберетіні туралы жазған едік. 

Талқылау