Алматыда қатігез адам иттің мұрны мен төрт аяғын кесіп тастады
Алматыда адамдар иттің мұрны мен аяқтарын кесіп тастап, мазақ етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Ерікті Аксиня Маковецкая жануарларға қатыгездік көрсету туралы ашық фактіні хабарлады.
"Медеу аймағында маньяк бар. Иттің төрт аяғын, сіңірлерін, мұрынды кесіп тастады. Мен ол адамның жануарды қалай азаптағаны туралы толыққанды жазғым келмейді. Бірақ ол жауыздың үсітне арыз жазамын", - деп жазды ол Facebook-те.
Алматылық әйел бұл адамды тауып, жазалау керегін айтады. Оған қоса, келіншек жануарлар туралы заң қатаңдатылады деген сайын, мұндай жағдайлардың көбейгенін айтты. Қанша рет бұл мәселе қозғалса да жануарларға қатігездік көрсететіндерге жаза қолданылмай отыр.
Еріктінің өтінішін Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімі қабылдады.
Ал жарақат алған итті арнай екпе салып, ұйықтатып тастаған. Өйткені жануар алған жарақаттарын көтере алмайтын еді.