Алматыда 8 жасар оқушы қыз іздесітіріліп жатыр
Алматылық полицейлер Алмалы ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен Белла Миронованы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқушы қыздың жоғалғаны туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.
Хабарламада кішкентай қыздың № 34 орта мектепте оқитыны туралы жазылған. Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Жоғалған бала туралы ақпарат "102" пультіне бүгін кешкі сағат 16:20-да анасынан түсті. Қазіргі уақытта 8 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарына учаскелік полиция инспекторлары, жедел бөлім қызметкерлері мен ювеналды полиция мамандары жұмылдырылды. Белгілі болғандай, оқушы сабаққа бармаған. Кішкентай қыздың аман-есен табылатынына үміттіміз. Қазіргі уақытта волонтерлер де көмекке келді",- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес