Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 5 қыркүйекте қоғамдық көліктің жүруіне рұқсат етілді

Сенбі, 5 қыркүйекте қоғамдық көлік, соның ішінде Алматы метросы да жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Алматы автобустары аталатын Instagram парақшасында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

автобус

"Құрметті жолаушылар! Алматылықтардың көптеген өтініші бойынша 5 қыркүйекте қоғамдық  көлік, соның ішінде метро жұмыс істейді", - делінген хабарламада.


"Жүрек ауруын емдейді": Петропавлдық қария түсінде көрген "көлікті" өңінде жасап шығарды 


6 қыркүйек, жексенбіде қоғамдық көлік жұмыс істей ме, жоқ па белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, алдағы демалыс күндері (5 және 6 қыркүйек) қалада қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі. Карантинді қатаңдату қоғамдық көлік жұмысын тоқтатуды да көздейді.

Талқылау