Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 20 жастағы жігіт қызбен ұрысқан соң балконнан секіріп кетті (видео)

Алматыда 20 жастағы жігіт қызбен жанжалдасқаннан кейін үшінші қабаттың балконынан секіріп кетті. Бүгін таңертең тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында төтенше жағдай орын алды.

«2000 жылы туған ер адам үшінші қабатта орналасқан тұрғын үй кешенінде  балконнан секіріп кетті. Ер адам жарақат алды, бірақ аман қалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала ақпарат бойынша, жігіт бір үйде тұратын қызбен жанжалдасып қалған. Полицияда атап өткендей, ол өзінің әрекетін осылай түсіндірді.

Жанжалдың неден туындағаны және оқиғалардың қалай өрбігені белгісіз. Жігіт ауруханаға жеткізілді.

Талқылау