Алматыда 10 жасар қызды сайға шақырған күдікті ұсталды
Алматыда он жастағы қызды зорламақ болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық ПД өкілдері мәлімдеді.
Күдікті кешке қарай ұсталған. Тұтқындалған азаматтың тұрғылықты орны жоқ екені анықталыпты.
"Ер адам Жетісу аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жерге қыздың анасы да шақырылды. Әйел әлгі азаматтың қызына тиіспегенін айтты. Күдікті қыздан сағат қанша екенін сұрағанын жеткізді. Оқиғаның анық-қанығы әлі анықталатын болады", - деді Жетісу ауданы полиция бөлімінің басшысы Дархан Мусанов.
Еске салайық, бұған дейін 10 жастағы қызды сайға шақырған азамат туралы айтылған еді. Абырой болғанда, бейтаныс адамның көрші қызды әңгімеге тартып тұрғанын өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын көріп қалған.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда