Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үй жануарларын тегін чиптейтін клиникалар тізімі жарияланды

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала тұрғындарын 1 қараша-20 желтоқсан аралығында үй жануарларын тегін чиптеп, тіркейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған бағдарлама шеңберінде 15 мың үй жануарын чиптеу көзделген.

“2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңы мен экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы  20 мамырдағы №169 "Үй жануарларын есепке алу қағидасын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, барлық мысықтар мен иттерде болюс, чип, білезік немесе мойын жағасы, электрондық белгісі, сырғалары, т.б.  таңбасы болуы тиіс. Сондай-ақ "TANBA" үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелуі керек”, – деп мәлімдеді басқарма.

Алматы қаласының тұрғындары үшін "TANBA" есепке алудың бірыңғай базасында тегін чиптеу және тіркеу рәсімі  келесі ветеринариялық емханаларда жүргізіледі:

  • "ALLVET" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87;
  • "Мастино" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217, тел: 8 (707) 327-44-88;
  • "Барыс" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223 "Б", тел: 8 (707) 123-49-00;
  • "Ветстанция" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 49, тел: 8 (701) 757-77-27;
  • "MedVet" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Луганский көшесі, 54/1В, тел: 8 (708)699-19-43;
  • "DOG PREMIUM" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Грибоедов көшесі, №105, тел: 8 (707) 339-33-28;
  • "Хвостики" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Жандосов көшесі, 54, тел: 8 (708) 983-43-13;
  • "Айболит" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.

Жануар иесі жануарымен бірге барып, өтініш жасауы қажет. Жануар иесінің өзімен бірге жеке куәлігі, мобильді телефоны және жануардың ветеринариялық паспорты болуы тиіс. Паспорты болмаса, ветеринарлық емханада тіркеледі.

Мамандар жануарға микрочип орнатады және деректерін "TANBA" үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасына енгізеді. 

Талқылау