Алматыда 1-10 мамыр аралығында зират басына баруға рұқсат етілмейді
Алматыда 1-10 мамыр аралығында зират басына баруға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз жаппай жиналатын орындарда шектеу енгізуге тырысып жатырмыз. Біз зираттарға адамдардың көп келетінін білеміз. Өткен жылы да шектеу өз нәтижесін берген болатын. Биылғы жылы жағдай қиынырақ, өйткені мутацияланған штамдар бар, үнді штамының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Қала тұрғындары ата-аналар күнін қолайлы кезеңге ауыстыру керек. Зираттар мамырдың 1-нен 10-на дейін жұмыс істемейді. Біз бұл күндері зираттарға келуді шектеу туралы шешім қабылдадық", - дейді Бекшин.
Еске салсақ, Алматыдағы Арбаттың не себепті жабылғанын бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин түсіндірді.
"Балалы болып, дертіңнен айығып, баспана аласың": Әлмерек бабаның зираты қандай тылсымдарға толы?
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"