Ең ірі ұтыс: Лотереядан 289 миллион теңге ұтқан алматылық "Сәтті Жұлдыздың" символына айналған жұлдыздың костюмін киіп келді
“Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясы
Алматы тұрғыны Қайрат “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясы тарихындағы ең ірі ұтыстың иегері атанды. Ол Loto 6/49 лотереясына қатысып, 289 миллион теңге көлемінде джекпот жеңіп алды. Ұтыс иегері салтанатты марапаттау рәсіміне ұлттық лотереяның символына айналған жұлдыз бейнесіндегі костюмді киіп, ерекше көңіл-күймен келген. Айтуынша, бұл киім – өзі үшін қуаныш пен жеңістің символы.
Қайраттың жеңісі – Қазақстандағы ұлттық лотереяның тарихындағы ең ірі ұтыс. Бұл жаңалық көпшілікті таңғалдырса да, Қайраттың өзі бастапқыда сенбегенін жасырмады.
“Сәтті Жұлдыз” лотереясына бұрыннан қатысып жүрмін. Бұған дейін 300, 500, 1000 теңге ғана ұтқанмын. Бір күні телефоныма смс келді, бірақ тағы сондай тиын-тебен шығар деп мән бермедім. Дегенмен кейін хабарламадағы “289 миллион теңге ұтып алдыңыз” деп жазылған хабарды көргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Әлі күнге дейін толық сенбей жүрмін”, – дейді ол.
“Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясы
Қайрат – саудамен айналысатын қарапайым кәсіпкер. Үйленген, ата-анасымен бірге тұрады. Бұл қуанышты хабарды әлі жақындарына айтпады. Ұтыс нақты қолына тимейінше, ешкімді алаңдатқысы келмеген екен.
“Әке-шешеме айтпадым, айтпайтын да шығармын. Бірақ олардың бар қажетін алып беремін”, – дейді ол.
Жеңімпаз ақшаны қайда және қалай жұмсайтынын жоспарлап үлгеріпті. Өзінің айтуына қарағанда, ең әуелі ол мойнындағы ең қомақты қарызын құтылады.
“2020 жылы пандемия кезінде 150 миллион теңге қарыз алуға мәжбүр болдым. Ұтыс қолыма тие салысымен, ең бірінші сол қарызымды жабамын. Сосын барып отбасыма қажеттің бәрін алып беремін. Болашағымды ойлап, ақшаны дұрыс бағытта жұмсағым келеді”, – дейді Қайрат.
Қайрат 5/36, 6/49, Telebingo сияқты лотереяларға жиі қатысады екен. Ол әрдайым сенім мен күмәннің арасында болғанымен, бұл жеңіс оның көзқарасын түбегейлі өзгерткен.
“Бұрын “шын жеңімпаздар бар ма өзі?” деп ойлайтынмын. Енді өзім сондай адамның бірі болдым. Бұл – сәттілік қана емес, сенімнің де жеңісі. Енді лотереяға жиі қатысамын”, – дейді ол.
Алматылық тұрғынның жеңіске жеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады. Желі қолданушылары оны құттықтап, игі тілектерін жолдады. Жеңімпаз барша құттықтап жатқандарға алғысын білдірді. Сонымен қатар ол қазақстандықтарды лотереяға қатысып, бақтарын сынауға шақырды және сәттілік тіледі.
Айта кетейік, 11 мамырда “Сәтті Жұлдыздың” "Telebingo" тираждық лотереясы өтеді. Оған қатысатындардың пәтер ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жеңімпаз “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының YouTube арнасында және 31 арнада 11.00-де тікелей эфирде өтіп, жеңімпаз анықталады. Ұтыс билеттерінен түскен қаржының 10%-ы елдегі спорт саласын дамытуға, тағы 10%-ы “Қазақстан халқы” қорына аударылады.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
