Алматы тұрғындары жарықтандыру жүргізілмеген тас қараңғы көшелердің барын айтып шағымданды
Алматыда қаланың бестен бір бөлігінде көшелерді жарықтандыру мәселесі бар. Бұл қосылған аумақтарды есептемегенде. Кейбір жерлерде ескі сары шамдар, ал кей аймақтарда жұмыс істемейтін жаңа жарықдиодтар қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, жарық кешкі 18:20-да қосылады. Қыста бұл уақытта қараңғы ерте түседі, дейді тұрғындар.
Естеріңізге сала кетейік, қазір қала әкімдігі мердігер компаниямен соттасып жатыр, ал өкілеттіктер "Алматы Қала Жарық" кәсіпорнына берілген.
- Азиададағы спортшылардың сапасыз киіміне қатысты шудан соң министрлікте тергеу басталды
- 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар қанша мобильді аударымды тегін жасай алатыны айтылды
“Бұрын тұрғындар белгілі бір жерде жарықтандыру жұмыс істемейді деп шағымданатын болса, оны жеке серіктес 10 күн ішінде жөндеп беретін. Бүгінде бұл мерзімдер шамамен 3-4 есе қысқарды. Яғни, бес күн ішінде өтініш бізбен өңделеді. 2024 жылы қаланың басым бөлігін, 80-85 пайыздан астамын, ал 2025 жылға қарай бүкіл қаланы толығымен жарықтандыруды жоспарлап отырмыз”, –деп түсіндірді Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бастығының орынбасары Нұрбақыт Серікбай.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"