Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар қанша мобильді аударымды тегін жасай алатыны айтылды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың ұялы аударымдарына қандай жағдайда салық салынатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Бұған дейін, қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов соңғы үш айда әртүрлі тұлғалардан 100 аударым алған азамат салық бақылауына түсіп, оған қатысты талдау жұмыстары жүргізілетінін айтқан еді. 

Осы мәселеге қатысты Ерұлан Жамаубаев түсініктеме берді. Вице-премьер қазір банктерде пилоттық жоба сынақтан өтіп жатқанын жеткізді. 

"Үш айдың ішінде бір картаға 100 аударым критерийін белгіледік. Қадағалаймыз. Бұл шартты критерий. Мұны да реттеуге болады. Заң былтыр қабылданған болатын. Заң кәсіпкерлік қызмет сипатындағы мобильді аударымдарға салық салуды қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Жамаубаевтың сөзінше,  кәсіпкерлікпен айналысатын қазақстандықтар сол мақсатқа негізделген арнайы шот ашуы тиіс. 

"Егер бұл туыстар мен әріптестер арасындағы қарапайым аударымдар болса, онда олардың кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ екені, салық салынбайтыны анық. Басты мақсат – жиі жасалатын аударымдарды фискализациялау. Кәсіпкерлер аударым үшін арнайы карта ашып, қалағанынша аударым қабылдаса болады. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне тіркеліп, салық төлеуі керек. "Көлеңкелі бизнеспен" айналысатындарды анықтап жатырмыз", - деді ол.

Сонымен қатар қаржы министрі қазақстандықтардың картасына сыйлық ретінде жіберілетін төлемдер туралы сөз қозғады. 

"Жоқ, мұндай жағдайларда салық шаралары қабылданбайды, өйткені бұл бір реттік төлемдер екенін білеміз. Мұндай алымдар үшін тәуекел тудырмайды, бірақ бизнесі бар адамдар үшін тәуекел болады: дүкен, такси және т.б. Яғни, бизнеспен тікелей айналысатын адамдар", - деп жауап берді Қаржы министрлігінің басшысы.

Ол кәсіпкерлікпен айналысатын қазақстандықтарды осындай мақсатта арнайы шот ашуға шақырды.

"Мұндай жағдайда салық салынбайды, өйткені бұл бірреттік төлемдер екенін білеміз. Бұл - кәсібі немесе дүкені бар адамдардарға тексеру. Мысалы, егер адам таксист болып жұмыс істесе немесе базарда көкөністер мен жемістерді сататын болса... Бұлар бизнеспен тікелей айналысатын адамдар болып саналады", - деді Жамаубаев.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың наурыз айынан бастап "Төлемдер мен аударымдар туралы" заң "мобильдік төлем" ұғымымен толықтырылды. Бұл QR кодын пайдалана отырып, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы немесе POS терминалдары арқылы қабылданатын қолма-қол ақшасыз төлем ретінде түсіндіріледі.

Талқылау