Алматы тұрғындары қала орталығынан шыққан қою қара түтінге шағымданды (видео)
Алматы тұрғындары қала орталығынан шыққан қою қара түтінге шағымдануда. Ресми дерек бойынша Жетісу ауданындағы қойма өртенген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 16:35-те өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Жетісу ауданындағы Кокмайса 26 мекенжайына шықты.
"Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 2 жауынгерлік учаске ашылды, қазір 70-тен астам жеке құраммен 21 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында 17:20-да өрт оқшауланды
Қазақстандық әйел дәрігерлерді жүктілігін анықтай алмай, жатыр түтігін жарып алды деп айыптады
Әйел басқа ауруханаға барғанда ғана бастапқы дәрігерлердің диагнозды қате қойғанын білген
Қазақстандық әйел пәтерақысын бірнеше ай төлемеген жалға алушыны үйінен шығара алмай отыр
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"