Алматы тауларында қар көшкіні салдарынан кәсіпқой шаңғышы жарақат алды
Алматы төтенше жағдайлар департаменті 17:20 шамасында Медеу ауданында қар көшкіні жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Zakon.kz басылымының мәліметінше қар көшкіні Тұйықсу мұздығында болған. Құтқарушылар 33-35 жас шамасындағы ер адамды төменге түсіру үшін оқиға орнына аттанды.
"Алдын ала мәліметке сәйкес Тұйықсу мұздығында шаңғы тебу салдарынан қар көшкіні орын алған. 109 құтқару қызметіне құтқарушыларды күтіп отырған досы хабарласқан. Екеуі де бұл спортпен кәсіби түрде шұғылданған", – делінген ТЖД хабарламасында.
Жарақат алған ер адамды төмен түсіру үшін ТЖД мен "Қазселденқорғау" қызметкерлері аттанған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр