Алматы сейсмологтары жаңа жер сілкінісін тіркеді
Алматы сейсмостанциялары жаңа жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"ТЖМ" СОМЭ " ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 22 шілдеде Алматы уақытымен 14:52-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан", – делінген "Алматы" Орталық коммуникациялар қызметінің кезекші операторының хабарламасында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды